Меню
Страницы

Кәсіпкерлер палатасында сібір жарасының эпидемиологиялық және эпизоотиялық ахуалына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті

Кәсіпкерлер палатасында сібір жарасының эпидемиологиялық және эпизоотиялық ахуалына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті

Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасында сібір жарасының эпидемиологиялық және эпизоотиялық ахуалына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының СЭБД басшысы Т. Сермаңиов, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары А. Іргебаев және кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында үй жануарларынан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындау, сақтау, қайта өңдеу және өткізумен айналысатын ет өңдеу кәсіпорындары мен ішкі сауда нысандары қызметкерлеріне сібір жарасының алдын алу шаралары түсіндіріліп, өзекті мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, қалыптасқан эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайға байланысты профилактикалық іс-шараларды күшейту, ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын қатаң бақылау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты