Семинар өтті

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ш.Нұрлыбаевтың төрағалығымен өткен медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың және медицина қызметкерлерінің кәсіптік ауруларының алдын алу жөніндегі мониторингтік топты енгізу бойынша кеңесі негізінде Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының 26.06.2025 жылғы №89 н/қ және №181н/қ бірлескен бұйрығына сай 30.06.2025 жылы “2 Қалалық аурухананың” мәжіліс залында «Инфекциялардың профилактикасы жене инфекциялық бақылау, медициналық ұйымдардағы өндірістік бақылау жүргізу туралы», «Аналар мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту», «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар, дезинфекциялық-стерилизациялық режим», «Хирургиялық араласудан кейінгі МККБИ» тақырыптарыда және мониторинг топтың құрамы, атқаратын қызметі туралы медицина қызметкерлері арасында семинар өткізілді.