Меню

Страницы

Статья

Лейшманиоз ауруы туралы білесіз бе?

   Лейшманиоз  — қан соратын індеместер арқылы тарайтын зоонозды тропикалық паразиттік инфекциялық ауру.

Инфекция тері лейшманиозы (теріні зақымдайды) және висцералды лейшманиоз (ішкі мүшелерді зақымдайды) болып екіге бөлінеді. Оңтүстік өңірде орын алған түрі – тері лейшманиозы.

Қала тұрғындары лейшманиоз ауруын көршілес жатқан Түркістан облысының лейшманиоз ауруынан қолайсыз (эндемиялық) Шардара, Отырар аудандарына жаз айларында барғанда жұқтыру қаупі жоғары. Лейшманиоздың эпидемиологиялық кезеңі жазғы және күзгі маусым.

 Шымкент қаласында  2021 жылы 6 жағдай тіркелді, оның ішінде балалар арасында 1 жағдай. Барлық науқастар ауруды Түркістан облысы Отырар, Шардара аудандарына барған кезде  табиғи ошақтарда жұқтырғаны анықталды.  

 Аурудың инкубациялық кезеңі 2 аптадан 4 айға дейін созылады. Балаларда 3 айдан 1 жылға дейін, ал үлкендерде 3 жылға дейін созылады.

      Инфекцияның көзі – құм тышқандары мен атжалмандар, ал оны таратушылар – індеместер. Лейшманиоз ауруы адамнан адамға жұқпайды. Індеместер дененің көбінісе ашық жерін зақымдауына орай балалардың беттерінде, қолдарында 1-3 папула шығып бастайды. Дене қызуы күрт жоғарылап 38-39 ᵒС-қа дейін көтеріледі, интоксикация белгілері үдейді, бауыры мен көк бауыры үлкейеді. Көбінесе қосымша аурулар қосылып жағдайды нашарлатады. Жасөспірімдер мен ересектерде клиникалық белгілері біртіндеп көрініп, дене қызуы баяу көтеріліп, анемия белгілерімен өтеді.

     Лейшманиоздың клиникасының өршу кезеңінде сырқаттың негізгі белгілері айқын көрінеді. Сыртқы көріністері:

  • тері мен шырыш қабаттарының бозаруы, қараюы, дене қызуының көтерілуі, салмақтың азаюы, анемия белгілерінің болуы.

     Клиникалық көріністер баланың жасына байланысты, неғұрлым кішкентай болса, сырқаттың ауырлығы жоғары болады.

     Сырқаттың клиникасы жедел және баяу өтетін түрлеріне бөлінеді.

     Аурудың жедел өтетін түрінде (1/3 ауруларда кездеседі) кішкентай балаларда сырқаттың ұзақтығы 4-8 аптадан 3-6 айға дейін, жасөспірімдер мен үлкендерде 1-2 жылға дейін ауырады. Баяу дамитын түрі 8-12 айдан 2-3 жылға дейін созылады.

    Инфекцияның алдын алу жолдары:

  • үндеместерді жою үшін дезинсекциялық іс-шараларды уақытылы жүргізу;
  • эндемиялық аудандарға барғанда жабық киім киіп, репелленттерді колдану;
  • науқасты дер кезінде анықтап, ауруларды мерзімнде толық емдеу.

    Сақ болайық, қорғанайық, сау болайық!

Дата публикации
30 марта 2022
Дата обновления
30 марта 2022
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
02 апреля 2026
Атмосфералық ауаның ластануын алдын алу бойынша
Пайдалы ақпарат
01 апреля 2026
Саңырауқұлақтан уланудың алдын алу!
Пайдалы ақпарат
31 марта 2026
Назар аударыңыз!!! көміртегі тотығы!

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты