Меню

Страницы

Статья

Атмосфералық ауаның  ластануының алдын алу туралы

Қоршаған ортаның жай-күйі әр адамның денсаулығына әсер ететіні белгілі. Ауаның ластануы қазіргі заманның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Тыныс алу жүйесінің барлық ауруларының 20%-ы және қан айналым жүйесінің 10%-ы атмосфераның ластануымен байланысты.

Қазіргі таңда өнеркәсіп жоғары деңгейде дамуына байланысты атмосфералық ауаның қандай да бір дәрежеде ластанатыны белгілі. Әсіресе, қалалық аймақтарда зауыттар, өнеркәсіп орындары көп болғандықтан, мұның барлығы қоршаған ортаға өз әсерін тигізбей қоймайтыны анық.

Атмосфералық ауа қоршаған ортаның өмірлік маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Қоршаған ортаның ластану қаупі факторлары адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына кері әсер етеді.

Атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көздері қаланың өнеркәсіп және көлік кәсіпорындары болып табылады. Көптеген кәсіпкерлер қаражатты үнемдеу мақсатында тазарту құрылыстарын (сүзгілер, ұстағыштар) орнатпайды және атмосфералық ауаға шығарындыларды тазалаусыз тастайды, осылайша атмосфералық ауаның жай-күйін бұзады, бұл, әрине, қала тұрғындарының денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.

Атмосфералық ауаның ластануының алдын алу үшін өнеркәсіп орындарын және көлік магистралдарын тұрғын алабынан алшақ орналастыру, жанармайдың барлық түрлерін таза энергия көздеріне ауыстыру, өнеркәсіп орындарының құрылғыларына сүзгілер орнату қажет.

Сондай-ақ, жасыл өсімдіктер қалалық ауаны шаңнан тазартуда маңызды рөл атқарады. Жасыл аймақтардың болуы зиянды заттардың концентрациясын үш есе азайтуға мүмкіндік береді. Санитарлық-қорғау және кварталішілік аймақтарды көгалдандыру үшін газға төзімді ағаш-бұта түрлері қолданылады.

Қаламыздың ауасының ластануына жол бермеу үшін өнеркәсіп орындарын санитариялық талаптарға сәйкес жұмыс жүргізуге шақырамыз.

Дата публикации
28 ноября 2023
Дата обновления
28 ноября 2023
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
18 ноября 2025
Лептоспироз ауруының алдын алу
Пайдалы ақпарат
13 ноября 2025
Антибиотикке төзімділік: заманауи медицинаның басты қатері
Пайдалы ақпарат
11 сентября 2025
Оқушылардың үй тапсырмаларын орындау бойынша ата-аналарға ұсынымдар

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты