Меню

Страницы

Статья

Кеміргіштердің, жәндіктердің зиянды әсерінен қалай сақтануға болады?

  Адам ағзасында пайда болатын түрлі ауруларға қоршаған ортаның зиянды әсерлерімен қатар үй жануарлары, жәндіктер, сарышаяндар, кенелер, кеміргіштер де себепкер бола алады. Соңғы кезде елді мекендерде жиі кездесетін түрлі деңгейдегі жәндіктер мен кеміргіштер тобына қысқаша тоқталып өтейік.
  Кеміргіштер (егеуқұйрықтар, атжалмандар, үй тышқандары) мен жәндіктер тұрғын үйлерді, қоқыстарды, қамбаларды, мал қораларын, элеваторларды жағалайды. Ең бастысы олар аса қауіпті оба, сүзек, көкала, құтырма, туляремия, лейшманиоз ауруларының таратушысы болып саналады.
Кеміргіштерден, жәндіктерден зардап шеккен адамдар міндетті түрде арнайы емдеу мекемелеріне қаралып, қажет болған жағдайда ем қабылдауы тиіс, өйткені олар жоғарыда аталған аса қауіпті жұқпалы және тері ауруларының адам ағзасында тіркелуіне себепкер болуы ықтимал.
   Кеміргіштер тобынан ең көп тарағаны үй тышқандары болса, жәндіктерден – кенелер мен бүргелер. Міне сондықтан жоғарыда баяндалған зиянды жәндіктер мен кеміргіштерден сақтану аса маңызды екендігін айта келе, алдын алу шаралары ретінде жеке, көпқабатты тұрғын үйлерді, мал қораларын, қоймалар мен сауда-саттық, қоғамдық тамақтану орындарын, тұрғын үй жертөлелері мен көше жиегіндегі арықтарды уақтылы жинап, тазарту, сондай-ақ тағамның қалдықтары мен тамақ өнімдерін кеміргіш зиянкестер тимейтін жерде сақтау керектігін еске саламыз.
  Осы бағытта жәндіктерге, кеміргіштерге қарсы қолданылатын шаралардың кең тараған түрі – «дезинсекция» мен «дератизация». Бұндай іс-шаралармен арнайы залалсыздандыру стансалары тапсырыс берушінің өз есебінен жеке тұрғын үйлерге, кәсіпкерлік нысандарына, мемелекеттік мекемелерге қызмет көрсетеді. Залалсыздандыру стансаларының мамандары залалсыздандыру жұмыстарын рұқсат етілген, бекітілген тізімде бар дәрі-дәрмектермен жүргізуі тиіс, мекемелер мен жеке тұрғындарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін кезде алдын ала хабардар етіп, қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі, қажетті қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі және оны жұмыс барысында қолдануы залалсыздандыру жүргізетін мекеме жұмысшыларына қойылатын басты талап болып табылады.
  Сондықтан, қаламызды, өмір сүру ортамызды, жанұямызды аталған зиянкестердің әсерінен сақтау үшін алдын алу шараларын жандандырған жөн.

Дата публикации
19 апреля 2023
Дата обновления
19 апреля 2023
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
18 ноября 2025
Лептоспироз ауруының алдын алу
Пайдалы ақпарат
13 ноября 2025
Антибиотикке төзімділік: заманауи медицинаның басты қатері
Пайдалы ақпарат
11 сентября 2025
Оқушылардың үй тапсырмаларын орындау бойынша ата-аналарға ұсынымдар

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты