Меню

Страницы

Статья

«Снюс» деген не және оны пайдаланудың қауіптілігі қандай?

Соңғы кезде есірткі заттары қатарына қосылатын снюс туралы жиі айтылуда. Бұл - құрамында никотин мөлшері көп, канцерогендері төмен болуымен сипатталатын түтінсіз темекі.  

Ғалымдардың зерттеу еңбектеріне қарағанда, снюс темекінің бір түрі болып саналады.  Үлкен-кішіге бірдей қауіпті зат. Денсаулығына зиян келтіріп, жазылмас дертке шалдықтырады.

Мамандардың айтуынша бұл қоспалардағы никотиннің мөлшері темекідегіден қарағанда анағұрлым көп болу себебінен, ағзаның үйреншіктенуіне тез әкеліп соқтырады.

Снюсті пайдаланудың қауіпті әсерлері:

- снюсті тұтынған кезде ең бірінші ауыз қуысының шырышты қабығы зақымданады, бастағы ауырлық, апатия, күрт сілекей бөлу және бас айналу түріндегі жағымсыз әсерлер пайда болады;

- ауыз қуысының, ұйқы безінің, өңеш пен өкпенің онкологиялық ауруларының дамуына әкелуі мүмкін;

- түтінсіз темекіні ұзақ уақыт пайдалану парадонтозға, тістің бұзылуына, ауыздан жағымсыз иістің пайда болуына, тахикардияға, гипертония, бедеулікке әкеледі;

- темекінің осы түрін пайдаланушыларда жоғары агрессивтілік немесе керісінше, апатия және эмоциялық дисфункция байқалады;

- түтінсіз темекі ағзаның жұқпалы ауруларға төзімділігін әлсіретеді;

- никотиннің артық дозалануы өлімге әкелуі мүмкін.

Дүкеннен, сонымен қатар интернет желісі арқылы алдыратын снюс өнімдері жасөспірімдер арасында кеңінен таралып келеді. Сондықтан, әсіресе ата-аналар қауымы қоғам болашағы балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үнемі бақылауда ұстағаны жөн, өйткені, ауырып ем іздегенше, алдын алған анағұрлым абзал.

Дата публикации
10 марта 2023
Дата обновления
10 марта 2023
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
02 апреля 2026
Атмосфералық ауаның ластануын алдын алу бойынша
Пайдалы ақпарат
01 апреля 2026
Саңырауқұлақтан уланудың алдын алу!
Пайдалы ақпарат
31 марта 2026
Назар аударыңыз!!! көміртегі тотығы!

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты