Меню

Страницы

Статья

Кәріз жүйесі не үшін керек?

    Ешқандай тұрғын үй, жылусыз, су жүйесімен жабдықтаусыз, керек болса канализациясыз болмауы мүмкін емес. Қажет болған жағдайда, басқа шаруашылық-тұрмыстық жүйелерді қоспағанда, ғимарат қалалық коммуникациялардан алыс орналасқан жағдайда да, тұрғындар жайлы жағдай жасауға тырысады.
Кәріз жүйесі - адам тіршілігінің шаруашылық-тұрмыстық және жаңбырлы сарқынды суларды, сұйық өнімдерді шығаруға арналған сумен жабдықтау мен су бұру жүйесінің құрамдас бір бөлігі.
   Шымкент қаласының орталығы және көп қабатты үйлер, жаңа ықшам аудандар орталықтандырылған кәрізбен қамтамасыз етілген. Көбінде бұл қаланың орталық бөлігін қамтып отыр. Қаланың өркендеуімен қала шетіндегі жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандар да септиктермен жабдықталады. Кәрізденбеген және ішінара кәрізденген жерлерде жергілікті су бұруды орнатуға рұқсат етіледі. Бұл сарқынды суларды жинау, уақтылы тазалау жүргізілетін жалпы немесе бөлек жерасты су өткізбейтін гидравликалық сифондары бар қақпақтармен жабдықталған шұңқырларда (септикте) жүзеге асырылуы тиіс. Шұңқырлар (септик) 2/3 бөлігіне дейін толғанда, жиналған сарқынды су ағызу станциясына арнайы автокөлікпен шығарылуы тиіс.
  Сарқынды суларды ашық су айдындарына, іргелес аумаққа, сіңіргіш құдықтарға жинауға, ағызуға жол берілмейді. Жан-жағы бетондалған (шұңқырларда немесе септиктерде) жүзеге асырылу қажет.
   Бірақ, септиктер әрдайым талаптарға сәйкес жабдықтала бермейді. Көбінесе арнайы жабдықталмаған, жай ғана қақпақсыз, бетон негізі жоқ шұңқырлар қазылып қолданылып жатады.
Септиктерден лас су сарқыны уақтылы сорып шығарылмаған жағдайда, септиктің толып кетуінен сарқынды сулардың төгілуі топырақтың ластануы, жағымсыз иістің болуы, сонымен қатар жұқпалы аурулардың таралуына алып келуі мүмкін.
Мұның бәрі көршілердің шағымдануына әкеліп соқтырады, қаламыздың эстетикалық келбетін бұзады.
Соңғы жылдары қаланың жаңа шағын аудандары мен тұрғын үй алаптарында орталықтандырылған кәріз жүйелерінің құрылысы жүріп, пайдалануға беріліп жатыр.     Орталықтандырылған кәріз жүйелеріне қосылу тұрғындарды септиктерді тазалау, шайынды суларды сыртқа ағызу, арнайы автокөлікпен шығару, көршілермен келіспеушілік сияқты мәселелерден құтқарады.
Мәселенің оңтайлы шешімі - тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік объектілерін орталықтандырылған кәріз желілеріне қосу

Дата публикации
22 февраля 2023
Дата обновления
22 февраля 2023
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
12 февраля 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп нормаларын сақтау
Пайдалы ақпарат
09 февраля 2026
Тамақ өнімін өндіретін, қоғамдық тамақтану және азық түлік өнімдерін сатумен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге!!!
Пайдалы ақпарат
09 февраля 2026
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қоғам қауіпсіздігінің негізі

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты