Вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

Вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні Павлодар облысы әкімі орынбасарының төрағалығымен кеңес өтті.

Отырыста 2025 жылғы 1 тоқсандағы Павлодар облысында вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай, халықты иммундаумен қамту туралы мәселе қаралды.

Павлодар облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев облыстағы қызылша мен көкжөтелге қатысты эпидемиологиялық жағдаймен, сондай-ақ ағымдағы жылдың өткен тоқсанының қорытындысы бойынша профилактикалық егу жұмыстарының қамтылуы жөнінде ақпарат ұсынылды. Халықтың аурушаңдығы мен иммунизациясы бойынша ағымдағы жағдайды жақсартудың шешімдері айтылды.