Вакцинация жоспарлы, толықтыра, қосымша және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялауға бөлінеді.
Жоспарлы вакцинация.
Мұндай вакцинация ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген. Күнтізбе жоспарлы егулерді қамтиды және азаматтардың қандай санаттарына көрсетілгенін нақтылайды: жаңа туған нәрестелерге, балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге. ҚР Ұлттық екпе күнтізбесі бойынша вакциналау міндетті болып саналады және медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізіледі.
Әрине, адам құқығын бұзбау үшін мемлекет міндетті екпеден бас тарту мүмкіндігін де қарастырған.
Толықтыра вакцинация
Егер жоспарлы вакцинация мерзімдері бұзылған болса, көмекке толықтыра иммундау келеді. Бұл жағдайда вакцина дозаларын енгізу арасындағы ең аз аралықтар сақталуы тиіс.
Шұғыл вакцинация
Қосымша вакцинация
Инфекцияның таралуының өсуі аясында жаппай қосымша иммундау жүргізу туралы шешім қабылданады (Республикада қызылшаға, қызамыққа қарсы қосымша иммундау осылай жүргізілді).
Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялау
Егер жұқтыру қаупі болса, онда, мысалы, құтырмаға, іш сүзегіне, көктемгі-жазғы кене энцефалитіне, обаға қарсы екпе жасалады.
Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинация азаматтардың белгілі бір топтары үшін міндетті. Оларға мыналар жатады:
Иммундау жыл сайын миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін жаһандық денсаулық сақтау және даму саласындағы табысты қызметтің нақты мысалы болып табылады. Вакциналар адам ағзасының табиғи қорғаныс жүйелерімен өзара әрекеттесу арқылы ауруды жұқтыру қаупін азайтады. Иммундық жүйе ағза алатын вакцинаға әсер етеді.
Ата-аналар балаларыңызға қамқор болыңыз, уақытымен екпе алыңыз және сау болыңыз!