Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні «Шахмат үйі» ғимаратында облыстың мемлекеттік қызметшілері арасындағы XXIII облыстық спартакиада бағдарламасы аясында өткен тоғызқұмалақ бойынша жарыс өтті.
Жарысқа санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері, атап айтқанда бөлім басшысы Жанбек Шаймерден, департаменттің бас маманы Кульбагиза Исагулова қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша департаменттің командасы 7 команда арасында 1-орынға ие болды.
Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!