Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні «Шахмат үйі» ғимаратында мемлекеттік қызметшілері арасындағы XXIII облыстық спартакиада бағдарламасы аясында өткен шахмат бойынша жарыс өтті.
Іс-шараға 9 команда қатысты. Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің атынан бөлім басшысы Жанбек Шаймерден, департаменттің бас маманы Кульбагиза Исагулова, Ақсу қалалық басқармасының жетекші маманы Роман Смагулов қатысты.
Турнир шахматты насихаттауға, стратегиялық ойлау мен зияткерлік дағдыларды дамытуға ықпал етеді.
Жарыс қорытындысы бойынша департаменттің командасы 2-орын иеленді.
Құттықтаймыз!