Туляремияның алдын алу

Туляремияның алдын алу

Бүгін «HALYK RADIOSҮ» облыстық радиосының 100.5 fm толқынында Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев «Туляремияның алдын алу» атты тақырыпта сөз сөйледі.

Сонымен, туляремия - табиғи ошақтығы бар зоонозды жұқпа. Аурудың қоздырғышы  сыртқы ортада суда, дымқыл топырақта, дәнде, сабанда, тамақ өнімдерінде ұзақ уақыт сақталады. 60°C дейін қызған кезде ол 5-10 минуттан кейін өледі, әдеттегі дезинфекциялық ерітінділермен жойылады.

Ауру жіті, кенеттен дене қызуының 390-400 С көтерілуінен басталады.  Бастың қатты ауруы, бастың айналуы, аяқ бұлшық еттерінің, арқа мен белдің ауруы, тәбеттің жоғалуы пайда болады. Ауыр жағдайларда құсу, мұрыннан қан кету болуы мүмкін. Сипаттық белгілері – лимфа түйіндерінің ұлғаюы, оның мөлшері бұршақтан грек жаңғағының мөлшеріне дейін болуы мүмкін. Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 21 күнге дейін, орташа есеппен 3-7 күн. Туляремиямен немесе оған күдікпен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу керек.