Департамент мамандары Екібастұз қаласына шығуды жүзеге асырды

Департамент мамандары Екібастұз қаласына шығуды жүзеге асырды

2025 жылға арналған іссапар кестесіне сәйкес департамент мамандары аса қауіпті инфекциялар мен туберкулез тарауы бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету үшін Екібастұз қаласына шұғуды жүзеге асырды.

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға, эпидемияға қарсы іс-шаралар мен тергеулердің толықтығы мен сапасына, басқа қызметтермен өзара іс-қимылға, құжаттаманы жүргізуге, оның ішінде эпидемиологиялық тергеу карталарын толтыру сапасына талдау жүргізілді.

Мониторинг қорытындысы бойынша проблемалық мәселелер талқыланды, одан әрі жұмыс істеу бойынша ұсыныстар берілді.