
Тағамға биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – бұл оларды байыту немесе аурулардың алдын алу мақсатында тамақ өнімдерін жеке тұтынуға немесе олардың құрамына енгізуге арналған табиғи немесе бірдей табиғи заттардың компоненттері.
Биологиялық белсенді қоспаларды сату дәріханалар, дәріхана пункттері, мамандандырылған дүкендер және сауда желісі арқылы жүзеге асырылуы керек.
Биологиялық белсенді қоспаларды сатуға жол берілмейді: мемлекеттік тіркеуден өтпеген; жарамдылық мерзімі өткен; іске асыру үшін тиісті шарттар болмаған жағдайда; заттаңбасыз, сондай-ақ заттаңбадағы ақпарат мемлекеттік тіркеу кезінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда; Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 881 шешімімен бекітілген, Кеден одағының «Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты» (КО ТР 022/2011) техникалық регламентінің талаптарына сәйкес заттаңбадағы ақпарат болмаған жағдайда.
Өнімді (тауарды) жарнамалау мынадай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады: жарнама (мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-ресурстарды, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ тілінде, ал жарнама берушінің қалауы бойынша орыс және (немесе) басқа да тілдерде таратылады; мәтіндік жарнама оңай оқылады, анық және түсінікті қаріппен басып шығарылады; аудио жарнама түсінікті және анық аудио сүйемелдеумен бірге орналастырылады; бейне жарнама түсінікті және анық дыбыстық және бейне сүйемелдеумен бірге орналастырылады; сенімді және танылатын болуы; тұтынушылардың сенімін теріс пайдалану арқылы, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданудың болжамды нәтижелеріне, зерттеу және сынақ нәтижелеріне қатысты оларды жаңылыстырмауы; өнімнің (тауардың) сауда атауын және өндірушінің атауын қамтуы; егер ол өнімнің (тауардың) атауынан туындамаса, өнімнің (тауардың) тағайындалуы; егер өндіруші көрсеткен болса, арналып жасалған адамдардың санаты туралы мәліметтерді қамтуы тиіс; негізгі көрсетілімдермен, қолдануға қарсы көрсетілімдермен және жанама әсерлермен (олар болған кезде) танысу қажеттігі туралы нұсқау; ҚР және (немесе) ЕАЭО мүше мемлекеттерде мемлекеттік тіркеудің болуы туралы ақпаратты қамтиды; құрамына кіретін белсенді компоненттер туралы мәліметтерді; қолдану тәсілі мен дозаларды; негізгі жанама әсерлерді (бар болған жағдайда); негізгі қарсы көрсетілімдерді (бар болған жағдайда); балаларға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ бала емізу кезеңіне қатысты ерекше нұсқауларды (бар болған жағдайда); сату шарттарын; қолдануға көрнекі және түсінікті ұсынымдарды; өндірушісінің және өндіруші ҚР шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген тұлғаның атауын, мекенжайын; жарнамалау объектісінің дәрілік зат болып табылмайтындығы туралы ескертуді.
Сізді қызықтыратын биологиялық белсенді қоспаны тіркеуді Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында орналастырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінен және «Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізілімі» бөліміндегі «Экспорттық-импорттық қатынастар жөніндегі Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесі арқылы табуға болады.