Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тағамды дайындау және сақтау үшін қауіпсіз жағдайлар жасауға, сондай-ақ жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған.
Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы ДСМ 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен регламенттелген.
Барлық үй-жайлар зақымдалмай, жуғыш және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, тұрақты ылғалды жинауды қамтамасыз ететін материалдардан жасалуы тиіс.
Қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді, сондай-ақ тиімді кәріз жүйесін қажет етеді. Су гигиеналық нормативтерге сай болуы керек.
Объектіге келушілер мен қызметкерлерге арналған санитарлық тораптармен, суық және ыстық сумен жабдықтаумен және қолды жууға және кептіруге арналған құралдармен жабдықталуы тиіс.
Барлық үй-жайлар тиісті жарықтандырумен (табиғи және жасанды), желдету және ауаны баптау жабдықтарымен қамтамасыз етілуі керек.
Қоғамдық тамақтандыру объектісінде азық-түлік (тамақ) шикізатының, шикі жартылай фабрикаттар мен дайын тамақ өнімдерінің, пайдаланылған және таза ыдыстардың қарсы немесе айқас ағындарын, сондай-ақ келушілердің және қоғамдық тамақтандыру өнімдерін дайындауға қатысатын персоналдың қарсы қозғалысын болдырмайтын технологиялық процестің ағыны сақталуы тиіс.
Жабдықтар мен мүкәммалы үнемі тазаланып, дезинфекциялануы керек.
Ыдыстарды жуу және өнімдерді өңдеу үшін қолдануға рұқсат етілген, қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тамақ өнімдерімен жанасатын беттерді өңдеуге арналған арнайы құралдар ғана пайдаланылады.
Өнімдер қадағалауды қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттамамен, сондай-ақ қауіпсіздікті растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттарымен бірге сенімді жеткізушілерден келуі керек.
Өнімдерді сақтау олардың бүлінуіне және ластануына жол бермейтін жағдайларда жүргізілуі тиіс. Сақтау мерзімі мен сақтау шарттарына ерекше назар аударылады. Азық-түлік микробтардың көбеюіне жол бермейтін температуралық режимде сақталуы және өңделуі керек.
Объект қызметкерлерінің міндетті медициналық тексеруден, гигиеналық оқытудан өтуін және жұмысқа жіберілуін қамтамасыз ету. Жеке және өндірістік гигиенаны сақтау, арнайы санитарлық киіммен қамтамасыз ету.
Өнімдерді есепке алу журналын міндетті түрде жүргізу, олардың жарамдылық мерзімі мен санитарлық жағдайын бақылау, қол терісінің және дененің ашық беттерінің іріңді ауруларының, жұқпалы аурулардың белгілерін, жоғарғы тыныс жолдарының ауруларын тексеру журналының болуы.
Тамақ және қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату санитарлық нормаларға сәйкес жүргізілуі тиіс. Тамақтану объектілеріндегі тамақ қалдықтары тамақ қалдықтарын жинауға бөлінген жабылатын таңбаланған ыдыстарға (жинағыштарға) жиналады, тамақтану объектісінің шаруашылық аймағында және (немесе) арнайы бөлінген орында тұтыну қалдықтарын жинауға арналған алаң көзделеді. Қалдықтардың контейнерлерде (ыдыстарда) жинақталуы олардың шіріп кету және ыдырау мүмкіндігін қоспағанда қамтамасыз етіледі.
Қалдықтарды шығару контейнерлерді арнайы көлік құралдарымен толтыру шамасына қарай жүзеге асырылады. Контейнер алаңдары мен қалдықтарды жинауға және сақтауға арналған контейнерлер, оларды жинау үшін пайдаланылатын мүкәммал контейнерлерді босатқаннан кейін санитариялық өңдеуден өтеді.
Осы талаптарды сақтау тамақтан улану мен инфекциялармен байланысты санитарлық қауіптердің алдын алуға, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілері ұсынатын қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне кепілдік беруге мүмкіндік береді.