Адам папиллома вирусы туралы

Адам папиллома вирусы туралы

Бүгін сағат 20:40-та Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиевтің қатысуымен «IRBIS» облыстық телеарнасының «Интересно знать» бағдарламасында «Адам папиллома вирусы туралы» (бұдан әрі - АПВ) атты тақырыпта толық эфир шығады.

 

Эфирде Батырбек Әлиев АПВ-ға қарсы егу, әйелдердің жатыр мойны обыры бойынша статистикасы, АПВ-ға қарсы вакцинаның қолжетімділігі мен тиімділігі туралы әңгімелейді. Сонымен қатар, спикер жатыр мойны обырының алдын алу әдістеріне қатысты мәселелерге тоқталып, АПВ-ға қарсы екпелер бойынша қарсы көрсетілімдерді жариялайды.

 

Спикер 2024 жылғы ақпанда вакцина тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілгенін атап өтті. 11 жастағы қыздар АПВ-ға қарсы вакцинациялауға жатады, вакцинация 6 ай аралығымен екі рет жүргізіледі.

 

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап республикада 11 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы жоспарлы вакцинация басталады.

 

Жіберіп алмаңыз!