Ертең сағат 20:30-да Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиевтің қатысуымен «ERTIS» облыстық телеарнасының «Бірінші студиясы» бағдарламасында «Адам папиллома вирусы» (бұдан әрі - АПВ) атты тақырыпта толық эфир шығады.
Эфирде Батырбек Әлиев АПВ-ға қарсы егу, әйелдердің жатыр мойны обыры бойынша статистикасы, АПВ-ға қарсы вакцинаның қолжетімділігі мен тиімділігі туралы әңгімелейді. Сонымен қатар, спикер жатыр мойны обырының алдын алу әдістеріне қатысты мәселелерге тоқталып, АПВ-ға қарсы екпелер бойынша қарсы көрсетілімдерді жариялайды.
Жіберіп алмаңыз!