Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар, тауарға ілеспе құжаттары

Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар, тауарға ілеспе құжаттары

Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар – тамақ өнімдерінің сәйкестігін, әзірлеу, өндіру процестерінің сәйкестігін, тамақ өнiмдерiнiң айналымы, кәдеге жарату және жою, тамақ өнiмдерiн әзiрлеу, өндiру, айналымы, кәдеге жарату және жою кезiнде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық сертификат, сәйкестік сертификаты, сәйкестігі туралы декларация.
Сәйкестік сертификаты – өнімнің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат. Сәйкестік сертификаты өнімнің партиясына немесе жаппай шығарылатын өнімге беріледі.
Өнімнің нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін декларациялау өтініш берушінің таңдауы бойынша өз дәлелдемелері және (немесе) үшінші тұлғаның қатысуымен алынған дәлелдемелер негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Мамандандырылған азық-түлік өнімдері мемлекеттік тіркеуге жатады. Мамандандырылған азық-түлік өнімдеріне мыналар жатады:
1) балалар тағамына арналған азық-түлік өнімдері, оның ішінде балалар тағамына арналған ауыз су;
2) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған азық-түлік өнімдері;
3) минералдануы 1 мг/дм3 асатын немесе минералдануы аз, құрамында бальнеологиялық нормативтерден төмен емес мөлшерде биологиялық белсенді заттары бар табиғи минералды, емдік асханалық, емдік минералды су;
4) спортшылардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің тамақтануына арналған азық-түлік өнімдері;
5) тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ).
Мамандандырылған азық-түлік өнімдерін мемлекеттік тіркеу оны кеден одағының кедендік аумағында өндіруге (дайындауға) дайындау кезеңінде, ал Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін мамандандырылған азық-түлік өнімдерін – оны Кеден одағының кедендік аумағына әкелгенге дейін жүргізіледі. Мамандандырылған азық-түлік өнімдерін мемлекеттік тіркеу мерзімсіз болып табылады.
Тауарға ілеспе құжаттары – тауар партияларын тауар қозғалысының барлық жолында сәйкестендіру үшін қажетті және жеткілікті ақпаратты қамтитын құжаттар.
Айналымдағы азық-түлік өнімдері, оның ішінде азық-түлік (тамақ) шикізаты осы өнімнің қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттамамен бірге жүруі тиіс.
Өнімнің сәйкестік сертификатының, өнімнің сәйкестік декларациясының немесе өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқалығын келесі тізілімдерден тексеруге болады:
- ЕАЭО мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімі (https://nsi.eaeunion.org/portal/1995?date=2023-11-28);
- ЕАЭО берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімі (https://tech.eaeunion.org/registers/35-1/ru/registryList/conformityDocs);
- Қазақстан Республикасының сәйкестіктін бағалау туралы берілген құжаттарының тізімі (https://10.61.40.123/public-register/register-ktrm.xhtml).