Кәсіподақ – негізгі міндеті кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік және еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау болып табылатын жалғыз заңды және тәуелсіз қоғамдық ұйым. Қазақстан Республикасының «Кәсіподақтар туралы» Заңының 16-бабына сәйкес кәсіподақтар өз мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіруге және қорғауға, сондай-ақ өз өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiк органдармен, жұмыс берушiлермен, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен (қауымдастықтармен, одақтармен), өзге де қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынаста қызметкерлердiң өкiлдерi болып табылады. Сонымен қатар, кәсіподақтар заңда белгіленген тәртіппен сотта, медиация, бітімгершілік және арбитраждық рәсімдер кезінде қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға, ереуілдер мен бейбіт жиналыстар өткізуге құқылы.
Кәсіподақтар экономикалық қызметтен басқа еңбек процесін демократияландыру, қызметкерлерге ұжымдық келісім-шартқа қатысу мүмкіндігін беру, олардың өмір сүру сапасын анықтайтын талаптарды қою және қорғау қызметін де атқарады. Кәсіподақтардың тағы бір қызметі – әлеуметтік және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылыққа қызмет ету болып табылады. Бүгінде кәсіподақтар қуатты да жасампаз әлеуметтік институт бола отырып, қоғамдық келісімді сақтауға, өркениетті еңбек қатынастарын тиімді дамытуға зор үлес қосып, кәсіподақтар, мемлекет және жұмыс берушілер арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды белсенді түрде құруда. Белгілі бір ұйымда құрылған кәсіподақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сүйене отырып, тікелей осы ұйымның ұжымының мүддесін қорғайды. Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде кәсіподақ ұйымының төрағасын, кәсіподақ комитеті мен тексеру комиссиясының құрамын қайта сайлау мәселелері бойынша ұжым жиналысы өтті. Кәсіподақ комитетінің жаңа құрамы бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында ұжымды біріктіру, салауатты моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру міндетін қойды. Өздеріңіз білетіндей, тек тату ұжымда ғана жаңа шығармашылық талпыныстарға, кәсіби өсуге, өзара көмек пен қолдауға, озық идеяларға, кәсіпқойлардан бірдеңе үйренуге мүмкіндік бар. Кәсіподақ комитеті мен әкімшілік жақсы еңбек жағдайын жасауға мүдделі ұжымда, қызметкерлер өздерін жайлы және сенімді сезінеді, әлеуметтік жағынан қолдау мен қорғалған сезінеді.
«SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалымен ынтымақтастығы жаңа жағынан көрініп, қойылған міндеттер ең батыл және күтпеген шешімдерді табады деген ойдамыз!