Гипертония деген не? (25.07.2023)

Гипертония деген не? (25.07.2023)

Әрбір адамның қан қысымының көтерілгенін сезінгені айқын. Біз көбіне оны қолайсыз метеожағдай себебінен деп білеміз, алайда бұл аурудың алғышарты, яғни жаршысы  – гипертония.

Артериальды гипертонияның қаупі сонда - ол қан қысымының айналымының қызметінің бұзылуы ретінде басталады,  кейіннен ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Гипертониялық ауру  дәрігер бақылауынсыз  инфарктіге, соңғы кезеңінде  жүрек жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады. Жоғары қысым кезінде миға қан құйылып, инсульт дамуы әбден мүмкін. Гипертония бүйрек жетіспеушілігіне, соқырлыққа, естің, интеллекті мен жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне әкеледі.  

Әсіресе, зиянды факторлар салдары қауіпті  – шылым шегу, спирттік ішімдіктерді қолдану, тиімсіз тамақтану, аз қозғалу, жиі стресстер, артық салмақ, холестериннің жоғары деңгейі мен қант диабеті. Бұндай адамдарда инфарктінің, инсульт пен бүйрек жетіспеушілігінің тәуекелі жоғары болады.

Гипертонияның дамуына жол бермей, оны алғашқы кезеңде анықтау қан қысымын үнемі бақылауда ұстау керек, алғашқы алаңдаушылықта  дәрігерге қаралу.  Ересектерде қалыпты қан қысымы  с.б. б. 120 мм деңгейінде,  жүрек жиырылған кезде  (систолиялық) және жүрек босаңсыған кезде с.б.б. 80 мм рт.ст. (диастоликалық). Қан қысымы систолиялық с.б.б 140мм асса жоғары, диастоликалық  с.б.б.   90 мм  болса қалыпты деп есептелінеді.

Бастапқы кезеңде «гипертония» диагнозынан қорықпау керек. Кейбір адамдарға қан қысымын қалыпқа келтіру үшін өмір салтын өзгертіп, зиянды әдеттерден бас тартуы жеткілікті: шылым шегу, алкогольден бас тарту, кей кезде тұзды тағамнан бас тарту мен артық салмақтан арылтатын диета көп көмек көрсетеді. Тәуекел аумағында гипертониямен ауыратындардан басқа қант диабетімен ауыратындықтар болғандықтан, екі аурудан зардап шегетін адамдар үшін  қандағы қан қысымын үнемі тексеріп отыру маңызды.  Егер екі диагноз  қосылып, созылмалы түрге ауысса  инфаркт пен инсульт тәуекелі бірнше есеге артады.

Гипертониядан не сақтайды? Біріншіден, саламатты тамақтану –фастфудтан бас тарту, күніне  5 г тұз пайдалану, майлардың үлесін азайту, жеміс-жидектерді көп жеу.  Екіншіден, шылым шегу мен алкогольден бас тарту. Үшіншіден, белсенділікті арттырып, күніне физикалық жаттығуларға  30 минут уақыт бөлу. Артық салмақтан арылып, өз салмағыңды бақылау маңызды, және де өмірге позитивпен қарап, стресстерден сақтану керек.  Ауырып емделгенше, ауырмайтын жол ізде!