Павлодар облысындағы скарлатина бойынша эпидемиологиялық жағдай (20.07.2023)

Павлодар облысындағы скарлатина бойынша эпидемиологиялық жағдай (20.07.2023)

Ағымдағы жылы скарлатинамен сырқаттанушылық бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Мәселен, егер 2022 жылдың 6 айында 156 жағдай тіркелген болса, оның ішінде 154 бала және 2 жасөспірім болса, 2023 жылдың осы кезеңінде 119 жағдай тіркелген, оның ішінде 118 бала және 1 жасөспірім). 22,3% төмендеу тіркелді.

Скарлатинамен көбінесе үш жастан он жасқа дейінгі балалар ауырады. Дәрігерлер мұны балалардың иммундық жүйесінің жетілмегендігімен және балалардың инфекция көп тараған мекемелерге баруымен байланыстырады. Жасы 10 нан асқан балаларда, сондай-ақ ересектерде стрептококк инфекциясына төзімділік айтарлықтай төмендейді. Жаңа туылған нәрестелер мен сәбилерде өмірдің алғашқы жылдарында скарлатина диагнозы өте сирек қойылады. Бұл қан жүйелеріне плацента арқылы түскен аналық иммундық жасушалардың болуымен байланысты.

Анықтамасын берсек, скарлатина негізінен балаларға тән және ауыр интоксикациямен, әл-ауқаттың нашарлауымен (бас ауруы, температураның көтерілуі, әлсіздік), тамақ ауруымен (бадамша бездердің қабынуы), ұсақ дақты бөртпе сияқты патологиялық белгілермен сипатталатын өткір жұқпалы ауру. Науқастардың  тілі таңқурай түсінде болып, лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады.

Ауру көптеген іріңді асқынуларымен қауіпті.Науқастың терісінде қабыршақтану,  ұсақ нүктелі бөртпе пайда болады. Инфекция көзі ауру адам немесе стрептококк инфекциясының тасымалдаушысы болуы мүмкін.

Бұл ауруға қарсы вакцинация жоқ. Арнайы емес алдын алу шараларына жұқтырған адамдарды оқшаулау жатады. Эпидемиологтар аурудың тасымалдаушысымен байланыста болмай, баланың иммундық жүйесін нығайтуға және жеке гигиенаны сақтауға кеңес береді.

Егер балалар ұжымында ауру өрши түссе, топ карантинге шығады, байланысқа түскен  адамдарды  медицина қызметкерлері  7 күнге медициналық бақылауға  алады.

Егер отбасында скарлатинамен ауырған бала болса, оған жеке бөлме бөлу керек. Сондай-ақ, күн сайын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, дымқыл тазалау жүргізілуі керек. Науқасқа күтімді тек бір отбасы мүшесі жасауы керек, басқа адамдармен байланысын азайту маңызды. Сондай-ақ, науқастың  қолданатын ыдыс-аяқ пен гигиена құралдары жеке болу керек. Төсек-орын мен киімді бөлек жуу керек, дезинфекциялау құралдарын қолданыңыз немесе қайнатыңыз, содан кейін екі жағынан үтіктеңіз. Науқас бала ойнаған ойыншықтарға келетін болсақ, оларды дезинфекциялық ерітіндімен мұқият жуып, сумен шаю керек.

Сауығып кеткеннен кейін бір ай бойы бала дәрігердің бақылауында болуы тиіс. Содан кейін қан мен зәрге қайтадан талдау жасалады. Ағзада патогендік бактериялар болмаған жағдайда науқас диспансерлік есептен шығарылады.Скарлатинамен ауыратын адамдардың көпшілігі қайтадан ауырмайтындығына қарамастан, статистикаға сәйкес, пациенттердің 1-1, 5% - ы тиісті клиникалық симптомдардың дамуымен қайта жұқтыруы мүмкін.

Өз денсаулығыңызға мұқият болыңыз, өз бетінше емделумен айналыспаңыз!