Дәстүр бойынша, қарбыз мен қауын ашық жерде өсіріліп, жаздың ыстық күн сәулесінде піседі. Бірақ осылайша алынған бақша көкөністерін тамыз айының соңында толық піскеннен кейін тұтынуға болады.
Бүгінгі таңда дүкен сөрелерінде қарбыз сияқты бақша көкөністері сатылымда бар.
Өкінішке орай, көктемгі кезеңде жылудың басталуымен жосықсыз өндірушілер нитраттар мен нитриттермен толтырылған қарбыздарды сатуға тырысады. Олардың дәмін сезіну мүмкін емес. Асқазанға енгеннен кейін нитраттар тез гемоглобинге қауіп төндіретін нитриттерге айналады.
Химиялық заттармен толтырылған қарбыздар улануға, гастритке, бауыр ауруына, жүйке, жүрек-қан тамырлары жүйесіне, әлсіздік, бас ауруы, шаршау сияқты жалпы интоксикация белгілерімен бірге жүретін көру қабілетінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Балалар мен жүкті әйелдер, сондай-ақ созылмалы ас қорыту бұзылыстары бар адамдарға нитраттар ерекше әсер етеді.
Қарбыздағы нитраттардың рұқсат етілген мөлшері - 60 мг/кг, қауын - 90 мг/кг. Нитраттардың мөлшерін портативті құрылғы – нитрат өлшегішпен тексеруге болады.
Егер сіз сонда да, осы жидекті дәм татуды шешсеңіз, жағымсыз жағдайды болдырмау үшін келесіні кеңес береміз:
Маусымдық өнімдерді таңдаған дұрыс екенін ұмытпаңыз! Және де өзіңіздің денсаулығыңызға бей-жай қарамаңыз! Денсаулық сақтанғанды және оған қамқорлық жасағанды жақсы көреді!