Жедел ішек ауруының алдын алу шаралары

Жедел ішек ауруының алдын алу шаралары

Көктем - жаз айларында асқазан-ішек жолдарына әсер ететін жедел ішек инфекциясымен ауыру қаупі артады.

Ауру адамда асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен қатар әлсіздік, дене қызуы, іштің бүріп ауруы, жүрек айну, құсу, іш өту клиникалық белгілері болады. Жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілер пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу қажет.

Павлодар облысының аумағында жыл басынан бері жіті ішек ауруларының 56 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші – 7.25 құрады. Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 2.2 есе өсуі байқалады.

Науқастанудың негізгі себептері үй жағдайында дайындалған тамақтың сақтау тәртібі мен мерзімдерінің бұзылуымен – 23,4%, балаларға арналған сүт қоспаларын дайындау технологиясын және сақтау жағдайларының бұзылуымен –13,3%, дұрыс жуылмаған, өңделмеген және бұзылған жеміс-жидекпен және көкөністерді пайдалану –12,5%, азық-түлік дүкенінен сатып алынған тағамдармен – 33,8%, қарапайым жеке бас гигиенасын сақтамауымен – 10,1% болған.

Жедел ішек ауруын алдын-алу мақсатында ұсынамыз:

  1. жеке бас гигиенасын сақтау;
  2. дәретханадан, көшеден келгеннен кейін, тамақ ішер алдында және үй жануарларды ұстағаннан кейін қолды сабынмен жуу;
  3. балалардың сүт қоспаларын дайындауға сапалы ауыз суды пайдалану;
  4. баланы тамақтандыру және қарау кезінде жеке бас гигиенасын сақтауға мән беру;
  5. тез бұзылатын өнімдерді және дайын тамақты сақтау мерзіміне қарай тоңазытқышта сақтау;
  6. тамақ өнімдерді қолдан белгіленбеген жерден сатып алмау;
  7. тағам өнімдерін сатып алу кезінде қаптаманың тұтастығына, өндіру мерзіміне, жарамдылық және сақтау мерзіміне көңіл бөліп сапасын куәландыратын құжаттарды талап ету.