Ботулизм - сирек кездесетін, алайда өте ауыр жағдаймен өтетін, кейде өлімге әкелетін ауру. Оның қалай туындап, одан сақтану шараларын білу өте маңызды.
Ауруды «ботулинус» микробы тудырады, ол азық-түлікке түскеннен кейін табиғатта кездесетін ең күшті бактериялық улардың бірі болып табылатын уларды (токсиндерді) бөледі.
Алайда, адамдар көкөніс, балық, ет, сондай-ақ үйде дайындалған көптеген басқа да консервілер денсаулық үшін өте қауіпті екенін ұмытып кетеді. Бұған себеп аталмыш өнімдерде ботулизмнің дамуына әсер ететін көптеген токсиндердің болуы.
Ботулизм адамнан адамға берілмейді. Олардың споралары жоғары температураға төзімді келеді. Оттегі болмаған кезде бұл споралар өніп, көбейіп, токсиндерді бөле бастайды.
Ботулизмнің көптеген жағдайлары үйде консервілеу өнімдерін пайдаланумен байланысты болғандықтан, төмендегі бірнеше ұсыныстарды орындау қажет.
Консервілеу үшін лассыз, бүлінбеген, тұтас жақсы өнімдерді пайдалану керек; консервілеу алдында өнімді таза ағынды сумен мұқият жуу керек.
Сондай-ақ, консервілерді дайындау (ботулизм микробтарының көбеюіне кедергі келтіретін қышқыл мен тұз концентрациясын жасау), зарарсыздандыру режимін қатаң сақтау керек. Егер сақтау кезінде банканың қақпақтары көтеріліп (бомбаж), құрамында жағымсыз иіс болып немесе түсі өзгерсе, мұндай банкаларды жою керек. Бұл консервілердің дәмін де татуға болмайды!
Саңырауқұлақтарды герметикалық жабық банкаларда сақтауға болмайды. Саңырауқұлақтарды тұздауды, маринадтауды бөшкелерде, ашық банкаларда немесе тығыз жабылмайтын басқа контейнерлерде жүргізу керек; үйде қышқылдығы төмен көкөністерден (бұршақ, жасыл бұршақ, спаржа, гүлді қырыққабат), сондай-ақ ет пен балықтан консервілерді дайындауға болмайды, өйткені олар микробтардың көбеюіне өте қолайлы келеді, мұндай консервілерді зарарсыздандыру арнайы жағдайлар болған кезде ғана мүмкін болады.
Балықты ауланғаннан кейін бірден үйде тұздау, кептіру, маринадтау керек; үйде дайындалған сан етін қайнатылған немесе пісірілген түрінде тұтыну керек. Ұшаны мүшелеген кезде еттің топырақпен және ішек ішіндегісімен ластануына жол бермеңіз; базарларда, көшеде кездейсоқ адамдардан үйде дайындалған консервілерді сатып алмаңыз. Негізгі ережелердің бірі - жеке гигиена ережелерін, сонымен қатар кез-келген тамақ түрін дайындауда ыдыс-аяқ пен құралдарды өңдеу ережелерін сақтаңыз.
Сондай-ақ, бұзылған, токсиндер жұқтырған өнімдердің дәмі, иісі және сыртқы түрі бойынша қалыпты тағамнан еш айырмашылығы болмайтынын еске саламыз.
Ең бастысы, үйде дайындалған консервілерді сатып алмаңыз. Тамақ өнімдерін тек белгіленген орындарда (азық-түлік дүкендері және т.б.) сатып алу қажет.
Денсаулық-басты байлық екені есіңізде болсын!