Жаңа 2022-2023 оқу жылының басталуы қарсаңында Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті меншік нысанына қарамастан білім беру объектілері үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" бар екенін еске салады, онда барлық нормалар көрсетілген.
Санитариялық ережелерге сәйкес білім беру объектілерінің аумағы қоршалып, аумағында функционалдық қатысы жоқ объектілерді орналастыруға жол берілмеуі тиіс. Объектілер ауыз сумен, ыстық сумен, канализациямен, жарықпен, желдетумен, жылытумен қамтамасыз етілуі және жақсы жағдайда болуы керек.
Барлық үй-жайлар тазаланып, дезинфекциялық ерітінділерді қолдану арқылы күнделікті тазалау жұмыстары жүргізіліп, жәндіктердің, кенелердің және кеміргіштердің болуына жол бермеу үшін дератизация және дезинсекциялық іс-шаралары жүргізілуі қажет.
Жиһаздар мен заттардың жабдықталуы балалардың өсу және жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.
Қала мектептеріндегі асханаларда жеке кәсіпкерлер жұмыс атқарады, олар балаларды қауіпсіз әрі сапалы тамақпен қамтамасыз етуі тиіс. Нысандарда басшымен бекітілген перспективтік мәзір түзіледі. Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдау, олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады. Сүзбе, айран, кілегей қосылған кондитерлік өнімдер, қуырылған өнімдер, қаймақ пен майонез қосылған салаттар, тәтті алкогольсіз сусындар, фастфудтарды өндіруге және сатуға рұқсат етілмейді.
Сондай-ақ, пастерленбеген сүт, термиялық өңдеусіз сүзбе және қаймақ, йодталмаған тұз және темірі бар витаминдер, минералмен байытылмаған (фортификацияланбаған) бидай ұнын пайдалануға рұқсат етілмейді.
Күнделікті медициналық қызметкер немесе жауапты маман дайындалған тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді. Бракеражды комиссиямен тамақтану сапасын бағалау кезеңмен жүзеге асырылады, комиссия құрамы міндетті түрде медициналық қызметкер, әкімшілік, өндіріс басшысы, ұйымның өкілін және ата-аналар комитетінің өкілін қоса отырып, нысан басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Күн сайын аспаз нақты ас мәзіріне сәйкес, дайын өнімнің күнделікті үлгілерін ас блогында қалдыруы керек.
Жалпы білім беру нысандары санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің күшейтілген бақылауында.