Биологиялық қауіпсіздік-персоналдың, халықтың, жануарлардың, өсімдіктер мен қоршаған орта объектілерінің (су, топырақ, ауа) қауіпті биологиялық факторлардан қорғалуының, оның ішінде биологиялық қорғау шараларымен қамтамасыз етілуінің жай-күйі.
Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мынадай негізгі қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:
-халықтың, жануарлардың, өсімдіктердің және қоршаған орта объектілерінің (су, топырақ, ауа) денсаулығын қауіпті биологиялық факторлардың әсерінен қорғауды қамтамасыз етудің басымдығы;
- биологиялық қатерлерді алдын ала тану, биологиялық қатерлерді бағалау және басқару;
-патогенді биологиялық агенттер айналысының бақылануы;
-биологиялық факторлардың қауіптілік дәрежесінің биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу шараларының шамалас болуы;
-биологиялық қорғаудың жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету;
-биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрлық және ғылыми әлеуетті нығайту;
-биологиялық қауіпсіздік саласындағы қолданбалы ғылыми бағдарламаларды қолдау мен іске асырудың басымдығы;
-эпидемиялардың, эпизоотиялардың, эпифитотиялардың туындауы не туындау қатері туралы ақпараттың анықтығын, толықтығын және уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету;
-биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі ұлттық мүдделердің басымдығы.