Еттің пайдасы мен зияны

Еттің пайдасы мен зияны

 «Еттің пайдасы мен зияны» тіркесі төңірегінде үнемі пікірталастар көп. Біреулері,  ет  – адам рационындағы өзгермес тағам десе, біреуі басқаша ойлайды.  Кімдікі дұрыс?

Ешкімді иландырмай ақ, біздің аймақта әйгілі ет түрлерінің пайдасы мен зиянын қарастырайық.

Сиыр етінің пайдасы оның аса жоғары құнарлылығында, бес есе аз мал еті құнарлылығы жағынан малдың 1 литр сүтін алмастыра алады.  Бұдан басқа, етті пайдаланғанда басқаларға қарағанда ағза тез тойығады.

Мал еті  құрамындағы жоғары минералды заттар, әсіресе, мырыш, темірдің көптігімен ерекше.

Алайда, еттің пайдасы мен қатар зиянын да атайды.  Қара малдың қоректенген азығы, оның союға дейінгі салмағы да маңызды екен.  Кей кезде құрама жемде көп мөлшерде пестицидтер, гербицидтер, нитраттар т.б. болады. Бұл зиянды заттар ағзаға ең жақсы әзірленген ет түрімен бірге түсуі әбден мүмкін.

Жылқы етінің пайдасы біріншіден, құрамындағы толыққанды ақуызында, ол аминоқышқылдармен ең үздік үйлестірілген.  Осыған орай, жылық еті диеталық ет болып табылады. Диетологтардың пікірінше,  жылқы етінің пайдасы оның құрамындағы майлар жануар майы мен өсімдік майы арасындағы май болып келуінде. Жылқы етімен қоректенгенде  өт айдау әсері бар.  Қандағы  холестеринді төмендету мүмкіндігіне байланысты жылқы еті ағзадағы зат алмасу процесін реттейтін өнім ретінде тиімді,  ал төмен майлылығы диета үшін, салмақ тастау үшін  тамаша  қолайлы етеді.

Жылқы  еті  құрамында  бірқатар дәрумендер мен микроэлементтер бар,  олардың арасында ерекше А, Е, В тобындағы дәрумендерін және темірді атауға болады. Жылқы еті  гипоаллергенді болып келеді.

Осыған қоса, жылқы етінде көмірсулар өте аз, бір проценттен көп емес. Бұндай орта көптеген бактериялардың дамуына қолайлы жер, ал еттің өзі  жаман сақталады.

Қой етінің пайдасы оның құрамындағы магний, йод, калий, темір, B тобы дәрімендерінің кешені. Қой етінің ажырамас бөлігі – қой майы ішке пайдаланған кезде суық тию вирус ауруларына қарсы профилактикалық күрес ретінде жақсы пайдаланылады.  Темір санының көптігіне байланысты  қой еті қан құрамын жақсартып,  теміртапшылықты емдеуге әсер етеді. Бұл ет құрамына енетін  лецитин заты ағзада холестериннің дұрсы алмасуына әсер етеді.

Қой етінің зияны басқа еттермен бірдей. Яғни, етті мөлшерден аса қолдану  ұмытшақтық пен семіруге әкеледі.

    Шошқа еті қорытылуы жағынан  қой етімен бірдей. Шошқа етінің пайдасы оның құрамындағы В тобының дәрумендерінің  (әсіресе В12), темір, цинк және ақуыздың көптігінде. В тобындағы дәрумендер орталық жүйке жүйесінің қызметін реттейді,  ол дұрыс ұйқы, сабырлылықпен көрініс табады.

Шошқа етінің зияны паразиттермен сипатталады.  Паразиттер шошқа етінің бұлшықеті ұлпаларында болады, адам ағзасына түсіп,  жүрек бұлшықетіне енеді, сөйтіп адамға қауіп төндіреді. Паразиттерді жұқтырмау үшін шошқа етін термикалық өңдеуден өңдеуден өткізуді ұмытпау керек, өйткені, жоғары  температурада бұл  паразиттер өледі.

Байқап отырғанымыздай, еттің пайдас көп.  Бастысы  – қажетті мөлшерде пайдалану және дұрыс  кулинарлық өңдеуден өткізу. Ал мәзір құру – сіздің таңдауыңызда!