Облыстық штабтың кезекті отырысы

Облыстық штабтың кезекті отырысы

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев халықты иммунопрофилактикау, вакцинамен басқарылатын инфекциялар және туберкулез мәселелері бойынша ерекше бақылау және қадағалау обьектілеріне жүргізілген мониторингтің қорытындылары қаралған облыстық штабтың кезекті отырысына қатысты.

Отырыста қызылша және көкжөтел жағдайларының тіркелуінің жалғасуына негізгі себептердің бірі халықты профилактикалық егулермен жеткіліксіз қамту екені атап өтілді.

2026 жылдың 6 айында қызылшаның 398 расталған жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есе жоғары. Оның ішінде қызылшамен ауырған 345 адам инфекцияға қарсы егілмеген, соның ішінде 288-і балалар. Вакцинациядан бас тарту санының өсу үрдісі сақталуда: 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыста 2721 бас тарту тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Айгүл Маликова вакцинациялауға жататын халықты есепке алу мен жоспарлауды жетілдіруді, профилактикалық егулермен барынша жоғары қамтуды қамтамасыз етуді, сондай-ақ вакциналарды тасымалдау, сақтау және «суық тізбек» талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Иммунопрофилактика мәселелері жөніндегі өңірлік штаб отырыстары ай сайын өткізіліп, берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.