Кене арқылы берілетін инфекциялық аурулардың алдын алу

Кене арқылы берілетін инфекциялық аурулардың алдын алу

Кене арқылы берілетін инфекциялық аурулардың алдын алу

Кенелік вирустық энцефалит — орталық жүйке жүйесін зақымдайтын және жұқтырылған кенелердің (Ixodes persulcatus) шағуы арқылы берілетін инфекциялық ауру. Ауру маусымдық сипатқа ие және көбінесе көктем-жаз мезгілінде кездеседі.

Сонымен қатар, кенелер Лайм ауруын (иксодтық кене боррелиозы) да тасымалдауы мүмкін. Бұл — боррелиялар қоздыратын табиғи-ошақты инфекциялық ауру. Екі ауру да кенелер мекендейтін эндемиялық аймақтарда таралған.

Қазақстанда мұндай аумақтарға Алматы, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандары, сондай-ақ Алматы қаласының маңайы жатады. Павлодар облысы эндемиялық аумақтарға жатпайды.

Кене шағуының алдын алу шаралары: көктемнен күзге дейін кене көп шоғырланған орман аумақтарынан аулақ болу, ұзын жеңді киім киіп, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу, ашық түсті киім кию, жәндіктерге қарсы тиімді құралдарды пайдалану, өзіңізді және балаларды кененің бар-жоғына үнемі тексеріп отыру.

Кене анықталған жағдайда:

Мүмкіндігінше тез арада медициналық мекемеге (травмпунктке) жүгіну қажет. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда кенені қыспай, пинцетпен абайлап алып тастап, шаққан жерді антисептикпен өңдеп, дәрігерге қаралу керек.

Кене шаққан адамдар 21 күнтізбелік күн бойы дене қызуын тұрақты өлшей отырып, медициналық бақылауда болуы тиіс. Белгілер (дене қызуының көтерілуі, бөртпе, шаққан жердің қызаруы, бас немесе бұлшықет ауруы және т.б.) пайда болған жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет.