
Педикулездің алдын алу
Педикулез — биттер тудыратын паразиттік ауру, ол жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынас кезінде немесе жеке заттар арқылы беріледі.
Педикулез отбасында және балалар ұжымдарында тез таралады, сондықтан ауруды дер кезінде анықтап, емдеу маңызды.
Педикулездің алдын алу шаралары гигиеналық ережелерді сақтауға негізделеді:
- жеке бас гигиенасын қатаң сақтау, дене мен басты жиі жуу, іш киім мен төсек-орынды жиі ауыстыру, оларды ыстық суда жуу және үтіктеу, әсіресе балалардың заттарын, тұрғын үйді үнемі тазалау;
- басқа адамдардың тарағын, сүлгісін, төсек-орнын, шаш қыстырғыштарын, бас киімдерін, құлаққаптарын және т.б. пайдаланбау, себебі осы заттар арқылы бит жұғуы мүмкін, бұл туралы балаларды үйрету;
- балалардың басын жүйелі түрде тексеріп отыру (мектеп, балабақша және басқа да балалар ұйымдарына баратындарда), жазғы лагерьлерден кейін, сондай-ақ отбасы мүшелерінің немесе таныстардың бірінде педикулез анықталған жағдайда; педикулезбен ауырған балалар балалар мекемелеріне жіберілмейді.
Өзіңізде немесе отбасы мүшелерінде педикулез анықталған жағдайда, медициналық мекемеге жүгіну қажет. Онда емдеу, заттар мен үй-жайды өңдеу бойынша нұсқаулар беріледі және науқас пен онымен байланыста болған адамдарға бақылау жүргізіледі.