Безгектің алдын алу айлығы

Безгектің алдын алу айлығы

Безгектің алдын алу айлығы

 

Павлодар облысының СЭБД және денсаулық басқармасымен бірлесіп  безгектің алдын алу бойынша айлық өткізуде. Жыл ұраны «Безгекті жеңуге бағытталған батыл қадам. Енді біз жасай аламыз. Енді біз жасауымыз керек». 

Айлықтың мақсаты:

- облыстың медицина қызметкерлерінің безгекке сақтығын арттыру

- облыс тұрғындарының безгектің алдын алудың жеке шаралары туралы хабардарлығын арттыру

Безгек белгілері

- Қалтырау, жоғары температура (40 °C дейін);

- Қатты бас ауру, тершеңдік;

- Қайталанатын қызба ұстамасы;

- Тропикалық безгекте симптомдар тез дамиды (48 сағатқа дейін).

Шетелге сапар жоспарлап жүрген азаматтарға баратын елдегі эпидемиологиялық жағдайды алдын ала нақтылап, келесі алдын алу шараларын сақтау ұсынылады:
• репелленттерді қолдану, кешкі және түнгі уақытта жабық киім кию, терезелер мен есіктерге қорғаныш торларын орнату;
• медициналық көмекке дер кезінде жүгіну;
• клиникалық симптомдар пайда болған жағдайда дереу дәрігерге қаралып, безгек бойынша эндемиялық елде болғаны туралы міндетті түрде хабарлау қажет.