Тұтынушы балалар тағамы туралы не білуі керек?

Тұтынушы балалар тағамы туралы не білуі керек?

Тұтынушы балалар тағамы туралы не білуі керек?

 

Балалар тағамына арналған тамақ өнімі – бұл балалардың тамақтануына арналған, бала организмінің тиісті физиологиялық қажеттіліктеріне жауап беретін және тиісті жастағы баланың денсаулығына зиян келтірмейтін мамандандырылған тамақ өнімі.

Бүгінгі таңда балалар тағамы өнімдерінің түрі өте көп. Бірақ ата-аналарға жүктелетін жауапкершілік те жоғары. Себебі сапалы өнімді қатесіз таңдау өте қиын.

Балалар тағамы өнімдерін сату денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс. Балалар тағамы өнімдерінің қауіпсіздігін растау – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілетін, белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың болуы болып табылады.

Балалар тағамы өнімдерін тек тиісті сақтау жағдайлары, яғни ерекше температуралық режим қамтамасыз етілген жағдайда азық-түлік дүкендерінің, сауда үйлерінің мамандандырылған бөлімдері немесе дәріхана ұйымдары арқылы сатып алу қажет.

Балалар тағамына арналған қапталған тамақ өнімінің таңбаламасында мынадай мәліметтер болуы тиіс: тамақ өнімінің атауы; құрамы; мөлшері; дайындалған күні; жарамдылық мерзімі; сақтау шарттары; дайындаушының атауы мен орналасқан жері; тағамдық құндылығының көрсеткіштері; жас бойынша ұсыныстар; Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі (EAC). Сондай-ақ, таңбаламада қаріп өлшемі негізгі мәтіннен кем емес «Балалар тағамы» деген жазу болуы тиіс. Ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде берілуі тиіс.

Егер сіз тағамды алдын ала сатып алып, оны ашқаннан кейін сақтауды жоспарласаңыз, қаптамада мұндай сақтаудың рұқсат етілген ұзақтығы көрсетілуі керек.

Балалар тағамын таңдағанда қаптаманың мыжылмағанын немесе жыртылмағанын қадағалаңыз. Есіңізде болсын: егер герметикалық (тығыздық) бұзылса, жарамдылық мерзімі өз маңызын жоғалтады. Сақ болыңыз!