
Қызылшаға қарсы екпе алыңыз және деніңіз сау болсын!
Бүгін біз сіздердің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғаудың маңыздылығын еске салғымыз келеді. Әңгіме қызылшаның алдын алу туралы — бұл әлі де қауіпті болып саналатын, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін жедел вирустық инфекция.
Қызылша ауа-тамшы жолы арқылы жұғады және өте жұқпалы аурулардың бірі. Кейде науқас адаммен қысқа уақыт байланыста болудың өзі жұқтыруға жеткілікті. Әсіресе балалар, иммунитеті әлсіреген адамдар және екпе алмағандар қауіп тобына жатады.
Ауру жоғары температурамен, жөтелмен, мұрыннан су ағумен және бөртпемен қатар жүреді. Кейбір жағдайларда пневмония, ми қабынуы сияқты ауыр асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Қорғанудың ең сенімді жолы — вакцинация. Қызылшаға қарсы екпе уақыт сынынан өткен, қауіпсіз және тиімді. Ол тұрақты иммунитет қалыптастырып, инфекцияның таралуын болдырмайды.
Есте сақтаңыз: вакцинация — бұл тек жеке қорғаныс қана емес, сонымен қатар қоғам денсаулығына қосқан үлес. Екпе алған адамдар саны неғұрлым көп болса, аурудың таралу қаупі соғұрлым төмен болады.
Егер сіз немесе балаларыңыз екпені уақытында алмаған болса, тұрғылықты жеріңіздегі медициналық мекемеге жүгініңіз. Мамандар сізге кеңес беріп, вакцина алуға көмектеседі.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Қызылшаға және екпе арқылы алдын алуға болатын басқа да инфекцияларға қарсы вакцина алыңыз — және деніңіз сау болсын!
Қызылша, көкжөтел және ВПЧ-ға қарсы иммундау мәселелері бойынша Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне 55-38-30 телефоны арқылы хабарласа аласыз.