
Қарсы профилактикалық егу, вакцинациялау жүргізілетін инфекциялардың алдын алу
Жұқпалы аурулармен күрес - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қойған міндеттердің бірі және ол бүкіл әлемде миллиондаған балалар мен ересектердің денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартқан егулерді жүргізу арқылы ғана шешіледі.
Вакцинация - бұл инфекциялардан қорғаудың ғасырлар бойы тексерілген тәсілі. Вакциналарды қолдану бұрын он мыңдаған балалар мен ересектер зардап шегіп, қайтыс болған бірқатар ауруларды азайтуға, ал кейбір жағдайларда толық жоюға мүмкіндік берді. Полиомиелит балаларды үнемі сал ауруымен қорқытатын, шешек адамның өлімімен немесе мүгедектікпен аяқталатын, дифтерия, сіреспе, қызылша және қызамық өлімге әкелетін асқынуларға (пневмония, туа біткен ақаулар және т.б.) әкелетін. Егулердің арқасында табиғи шешек жойылды, полиомиелитті тіркеу тек екі елде ғана байқалады (Пәкістан, Ауғанстан, 1988 жылы мұндай елдер саны 125-тен асты). 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы полиомиелиттен азат аумақ ретiнде сертификатталған.
ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 612 қаулысына сәйкес балаларға жоспарлы профилактикалық егулер ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Профилактикалық егулер меншік нысанына қарамастан, БМСК ұйымдарында ата-аналарының немесе қамқоршыларының хабардар етілген келісімімен, қарсы көрсетілімдер болмаған кезде дәрігердің қарауынан кейін тегін жүргізіледі.
Әзірге толыққанды ұжымдық иммунитет құру мүмкін емес, сондықтан қызылша, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия, сіреспе және т.б. сияқты вакцинамен басқарылатын инфекциялар әртүрлі елдерде індет (эпидемия ) түрінде пайда болады.
Қазақстан сатып алатын барлық вакциналар ДДҰ талаптарына сәйкес келеді және кез келген емдеу-алдын алу мекемесі сізге сапа сертификатын ұсына алады.
Вакцинациялаудың ең өзекті мәселелерінің бірі – егуден бас тарту. Ата-аналар қазіргі таңда сирек кездесетін инфекцияларға қарсы егуден оңай бас тартады, ал бұл дерттердің жойлуы вакцинацияның арқасында қалыптасқан ұжымдық иммунитеттің нәтижесі екенін түсінбиді.
Вакцинация кез келген жастағы адамды инфекциядан қорғаудың ең сенімді тәсілі екенін есте сақтау керек. Пайдаланылатын вакциналар қауіпсіз және тиімді.
Ауруды емдегеннен гөрі алдын алған дұрыс.