
Абайланыз, туляремия!
Туляремия - табиғи ошақтығы бар зоонозды жұқпа. Аурудың қоздырғышы сыртқы ортада суда, дымқыл топырақта, дәнде, сабанда, тамақ өнімдерінде ұзақ уақыт сақталады. 60°C дейін қызған кезде ол 5-10 минуттан кейін өледі, әдеттегі дезинфекциялық ерітінділермен жойылады.
Аурудың белгілері. Ауру жіті, кенеттен дене қызуының 390-400 С көтерілуінен басталады. Бастың қатты ауруы, бастың айналуы, аяқ бұлшық еттерінің, арқа мен белдің ауруы, тәбеттің жоғалуы пайда болады. Ауыр жағдайларда құсу, мұрыннан қан кету болуы мүмкін. Сипаттық белгілері – лимфа түйіндерінің ұлғаюы, оның мөлшері бұршақтан грек жаңғағының мөлшеріне дейін болуы мүмкін. Инкубациялық кезеңі бір неше сағаттан 21 күнге дейін, орташа есеппен 3 -7 күн. Туляремиямен немесе оған күдікпен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу керек.
Туляремияны қайда және қалай жұқтыру мүмкін? Табиғатта туляремиямен көбінесе тышқандар, су кеміргіштері, ондатрлар, кұндыздар, атжалмандар ауырады; мысық және иттер азырақ сезімтал; адам өте сезімтал. Адам тері жабындысының зақымдалған жері арқылы, жәндіктің түстеуінен (кенеде, бүргеде, масада, сонада, құрт-құмырсқада тістеуде және тыныс жолдар др.) ауруға жұтырыла алады. Шаруашылық жұмыстар кезінде (шөп, құрама жем, қоқыс жинау және т.б.) құдықтан және табиғи су қоймаларынан алынған қайнамаған суды ішкенде, кеміргіштердің қиымен ластанған тағамдарды жегенде ауру жұғуы мүмкін.
Аңшылар үшін ауру мал үлкен қауіп төндіреді, өйткені мал етін бөлгенде, терісін алғанда, терінің зақымдалған жерлері арқылы қоздырғыш адамның ағзасына түсуі мүмкін.
Туляремия ауруынан өзіңді қалай сақтауға болады?
Ең тиімді шара – алдын алу екпелерін жасау.
Қансорғыш жәндіктер мен кенелерден қорғану үшін жеке қорғаныш заттарын - – репелленттер, қорғаныш жамылғы, торды пайдалану керек.
Үй-жайда кеміргіштер пайда болған кезде оларды жоюға бағытталған шараларды қолдану қажет. Аулалардың және бақша учаскелерінің тазалығын қатаң сақтау керек, аумақтың ластануына жол бермеу, қоқыс пен азық-түлік қалдықтарын тығыз жабылатын қақпақтары бар қоқыс жинайтын жәшіктерде, қатаң белгіленген орындарда сақтау қажет.
Азық-түлік өнімдерін кеміргіштер енбейтін орындарда, суды жабық ыдыста сақтаған жөн. Кеміргіштерден қалған іздері бар өнімдерді пайдаланбау, сондай-ақ кеміргіштер зақымдаған (кемірулер, қидың болуы) саңырауқұлақтарды жинамау. Ішуге қайнаған суды пайдаланыңыз.
Ауа-шаң жолымен ластануды болдырмау үшін шаңның пайда болуымен қатар жүретін жұмыстар, жеке қорғаныс құралдарын: респираторды, қолғапты қолдану арқылы жүргізу қажет.