Мангалда тамақ дайындау мен жазғы алаңдарға (террасаларға) қойылатын санитарлық талаптар

Мангалда тамақ дайындау мен жазғы алаңдарға (террасаларға) қойылатын санитарлық талаптар

 

Мангалда тамақ дайындау мен жазғы алаңдарға (террасаларға) қойылатын санитарлық талаптар

 

Жылы ауа райының басталуымен көптеген тамақтандыру мекемелері жазғы алаңдарды (террасалар) ашып, келушілерге грильде пісірілген тағамдарды ұсынады.

Мангалда дайындалған тағамдар — бұл ет пен балық тағамдарының сондай-ақ көкөніс тағамдарының, лаваш шелпегіндегі тағамдар және тіпті рецепт бойынша пісіру кезінде мангалда пісірілетін кейбір десерттердің алуан түрі. Осындай тағамдарға классикалық кәуаптардан басқа, ет пен балықтан жасалған стейктер, грильде қуырылған шұжықтар және т.б. кіреді.

Тамақтандыру мекемелерінде мангалда пісірілген тағамдарды өндіру және сату Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Тамақтандыру мекемелеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерімен реттеледі.

Демалыс орындарында және көшелерде мангалдарда, тандырларда, жаровняларда, қазандықтарда тамақ дайындауға мынадай санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған кезде жол беріледі:

  • жартылай фабрикаттар стационарлық тамақтану объектілерінде дайындалады;
  • сумен жабдықтау және суды бұру желілеріне қосылған үй-жай және (немесе) павильон (шатыр) болса, орталықтандырылған сумен жабдықтау және суды бұру жүйелері болмаған кезде – орталықтандырылмаған және (немесе) ауыз сумен жабдықтау және суды бұрудың дербес жүйелері, оның ішінде суды бұрудың дербес жүйесі пайдаланылады;
  • жартылай фабрикаттарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығы бар;
  • бір рет қолданылатын ыдыс және асхана аспаптары бар болады;
  • отын түрлері қолданылады: ағаш немесе дайын көмір, газ, электр;
  • қуыру тікелей сату алдында жүзеге асырылады;
  • персоналдың жеке гигиена қағидаларын сақтауы үшін жағдайлар болады;
  • пайдаланылған мүкәммал мен ораманы (ыдысты) жуу және дезинфекциялау демалыс орындарында және көшеде арнайы жабдықталған орын болмаған кезде стационарлық тамақтану объектісінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ міндетті түрде, тұрғын ғимараттарда және өзге де мақсаттағы ғимараттарда орналасқан тамақтану объектілерінде:

  • қатты отынмен пісіретін пештерді (плиталарды), мангалдарды, тандыр пештерін орнатуға жол берілмейді;
  • тағамды газ тәрізді отынмен (табиғи газбен) жұмыс істейтін мангалда, тандырларда, электр технологиялық жабдықты және түтін мен иістерді сіңіретін сүзгі-желдету блогы бар ауа тазарту жүйесін, сондай-ақ түтінмен ластанған ауаның аралас үй-жайларға, қоршаған ортаға енуіне жол бермейтін, олардың жұмысын автоматты басқаратын үй-жайдың желдету жүйесін пайдалана отырып дайындауға жол беріледі.

Сондай-ақ, мангалда пісірілген тағамдарды шамадан тыс және жиі тұтыну денсаулығыңызға қауіпті болуы мүмкін екенін ескеру маңызды. Денсаулыққа осы қауіптерді азайту үшін грильде пісірген кезде майсыз етті таңдау, етті және басқа да тағамдарды орташа отта пісіру және табиғи ингредиенттер мен дәмдеуіштерді пайдалану, пісіру және тұтыну кезінде шамадан тыс тұзды қолданбау ұсынылады.