Тамақтан уланудың, жедел ішек және басқа да инфекциялардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған семинар-кеңес

Тамақтан уланудың, жедел ішек және басқа да инфекциялардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған семинар-кеңес

Білім беру ұйымдарының қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтан уланудың, жедел ішек және басқа да инфекциялардың алдын алу мақсатында, сондай-ақ Тамақтану стандартын енгізу және Павлодар облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде, Департамент тарапынан «Атамекен» ӨКП алаңында семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шара барысында департамент мамандары қатысушыларды мектеп асханаларының жұмысын ұйымдастыруға қойылатын қолданыстағы санитариялық талаптармен таныстырды — рұқсат беру құжаттарын алудан бастап, тағам дайындаудың технологиялық процестерін сақтау және тамақтан уланудың алдын алу шараларына дейін.

Білім алушыларды қауіпсіз, толыққанды және теңгерімді тамақтанумен қамтамасыз етуге бағытталған, денсаулықты сақтау саласындағы заманауи талаптарға сәйкес келетін Тамақтану стандартының негізгі ережелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, мектеп асханаларында тамақтандыруды ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге ерекше бақылауға жататын объектілерге мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібіндегі жаңашылдықтар түсіндірілді.

Кездесу қарқынды форматта өтті. Қатысушылармен сындарлы диалог құрылып, мамандар мектеп асханаларында тамақтануды ұйымдастыруға қатысты барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ семинар қатысушыларына мектеп оқушыларының қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету бойынша негізгі талаптарды қамтитын ақпараттық-графикалық материалдар таратылды.

Осындай семинарларды өткізу Тамақтану стандартын енгізудің маңызды кезеңі болып табылады және білім алушыларды сапалы әрі қауіпсіз тамақтандыруды ұйымдастыруға жауапты мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді.