
Кене инфекцияларының алдын алу шаралары
Кене энцефалиті — орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, ауыр өтетін және мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін қауіпті жұқпалы ауру.
Жұғу жолдары:
Ауру негізінен иксод кенелерінің шағуы арқылы беріледі.
Қауіпті кезең:
Кенелердің белсенділігі наурыздан маусымға дейін, ал еліміздің шығыс және солтүстік аймақтарында тамызға дейін жалғасады. Сырқаттанушылықтың ең жоғары деңгейі мамыр–маусым айларына сәйкес келеді.
Ең тиімді қорғаныс — вакцинация
Павлодар облысы эндемиялық емес аймаққа жатады. Сондықтан, екпе алу үшін Астана және Алматы қалаларындағы жеке медициналық орталықтарға жүгініңіз.
Жеке алдын алу шаралары:
Табиғатқа шыққанда ашық түсті, денеге тығыз жабысатын киім киіп, бас киім киіңіз
Шөпке отырмаңыз және жатпаңыз
Әр 15 минут сайын өзіңізді, бір-біріңізді және үй жануарларын тексеріңіз
Репелленттер мен акарицидті құралдарды қолданыңыз
Кене шаққан жағдайда:
— Дереу медициналық ұйымға барып, шұғыл профилактикалық ем алыңыз
— Кенені жалаң қолмен ұстамаңыз және май құймаңыз
Денсаулығыңызды қорғаңыз — қарапайым сақтық шаралары қауіпті аурулардың алдын алуға көмектеседі!
#кене #клещ #энцефалит #алдыналу #денсаулық #вакцинация