Дәстүрлі емес жапон тағамдарын өндіру кезінде тамақтан уланудың алдын алу

Дәстүрлі емес жапон тағамдарын өндіру кезінде тамақтан уланудың алдын алу

Дәстүрлі емес жапон тағамдарын (суши, роллы және т.б.) өндіру кезінде тамақтан уланудың алдын алу

Суши мен роллдар — жапон асханасына тән тағамдар. Олардың негізгі құрамына күріш, теңіз өнімдері (көбінесе балық), нори балдыры, сондай-ақ көкөністер мен тұздықтар кіреді. Бұл тағамдардың ерекшелігі — кейбір ингредиенттер, әсіресе балық, термиялық өңдеусіз қолданылуы мүмкін. Сондықтан санитариялық талаптар мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет.

Жапон асханасы тағамдарын (суши, роллдар, сашими) дайындау және сату кезінде тағамдық уланудың алдын алу үшін: шикі балықты 0 °C-тан –2 °C-қа дейінгі температурада сақтау, шикі және дайын өнімдер үшін бөлек тақтайлар мен пышақтарды пайдалану, көкөністер мен көктерді мұқият жуу, сондай-ақ қызметкерлердің қол гигиенасын қатаң бақылау және жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, маска) қолдануы міндетті.

Құрамында өңделмеген жануар текті тағамдық өнімдер (оның ішінде балық, су омыртқасыздары және теңіз өнімдері) бар тағамдарды дайындау және өткізу тек стационарлық қоғамдық тамақтану объектілерінде келесі талаптар сақталған жағдайда ғана рұқсат етіледі:

  • сақтау және дайындау кезеңдерінің барлық сатыларында технологиялық процесті сақтау;
  • өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы;
  • ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтуі;
  • өнімнің қадағалануын қамтамасыз ететін таңбалау мен ілеспе құжаттардың болуы.

Құжаттар өнім толық пайдаланылғаннан кейін кемінде 7 күн сақталуы тиіс.

Суши мен роллдар ұзақ уақыт сақтауға жатпайды және тұтынушының тапсырысы бойынша тікелей берер алдында дайындалуы қажет.

Тұтынушылар үшін негізгі қауіпсіздік шаралар:

  • Суши мен роллдарды тек тексерілген және ресми жұмыс істейтін орындардан сатып алыңыз.
  • Өнімнің сақтау жағдайына және сыртқы түріне назар аударыңыз.
  • Күмәнді иісі немесе сыртқы түрі бар тағамдарды тұтынбаңыз.
  • Жаңа дайындалған тағамдарды таңдаңыз, ұзақ сақталған өнімдерден аулақ болыңыз.
  • Жеткізу кезінде сақтау шарттарын сақтаңыз (бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз).

Иммунитеті әлсіз адамдарға, жүкті әйелдерге және балаларға шикі балықты тұтынуды шектеу ұсынылады.