Безгек: сақтық шараларын ұмытпаңыз!

Безгек: сақтық шараларын ұмытпаңыз!

 Безгек: сақтық шараларын ұмытпаңыз!



Безгек – маса шағуы арқылы берілетін қауіпті инфекциялық ауру. Уақтылы емделмесе, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Қауіп әсіресе Африка, Азия және Латын Америкасы елдеріне сапар кезінде жоғары.

Алдын алу үшін:
- репелленттер қолданыңыз
- москит торларын пайдаланыңыз
- жабық киім киіңіз
- кешкі уақытта сыртта болуды шектеңіз

Егер сапардан кейін 3 жыл ішінде:
– дене қызуы көтерілсе
– қалтырау болса
– әлсіздік байқалса

Дереу дәрігерге қаралып, шетелде болғаныңызды хабарлаңыз!

Денсаулығыңызды қорғаңыз!