Туберкулездің алдын алу: облыста атқарылған жұмыстың нәтижесі

Туберкулездің алдын алу: облыста атқарылған жұмыстың нәтижесі

         Туберкулездің алдын алу: облыста атқарылған жұмыстың нәтижесі

 

2026 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында облыста туберкулездің алдын алу бойынша айлық өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың туберкулездің алғашқы белгілері, медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығы, дер кезінде емделудің тиімділігі және аурудың алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру.

Айлық аясында Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығында «Наурыз – ашық есік айы» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында барлық ниет білдірушілер тегін флюорографиялық тексеруден өтіп, фтизиатр дәрігерлерінен кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Бір ай ішінде облыс бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының мамандарына арналған туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша аумақтық басқармаларда 4 облыстық және 50 семинар өткізілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Атап айтқанда:

- теледидарда 5 сөз сөйлеу ұйымдастырылды;
- қалалық және аудандық баспа басылымдарында 6 мақала жарияланды;
- қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ресми сайттарында, сондай-ақ, әлеуметтік желілерде мемлекеттік және орыс тілдерінде 226 ақпараттық материал орналастырылды.

Айлық барысында:

- 5398 парақша мен жадынама таратылды;
- халық көп шоғырланған орындарда 35 радиолекция өткізілді;
- 45 бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылды;
- денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде 293 ақпараттық стенд пен бұрыш ресімделді;
- 1458 адамды қамтыған сауалнама жүргізілді;
- мектептерде 8171 оқушының қатысуымен диктанттар өткізілді;
- 24 акция, флешмоб және челлендж ұйымдастырылды.

Туберкулездің алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда.