ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу

Тұмау және ЖРВИ – жоғарғы тыныс жолдарын, сондай-ақ бронхтарды және өкпені зақымдайтын жіті респираторлық вирустық аурулар.

Тұмау басқа жіті респираторлық вирустық инфекциялардан аурудың ықтимал ауыр ағымына және асқынуына байланысты ерекшеленеді.

Тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация.

Қорғану тәсілдері:

  • науқастармен қарым-қатынасты болдырмау;
  • қолды сабынмен жуу;
  • үй-жайды жүйелі түрде желдету;
  • жеке қорғаныс құралдарын қолдану.

Респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде тез арада дәрігерге жүгіну қажет.

Өздігінен емделу асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін.