
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы радиотехникалық объектілерді орналастыруға және пайдалануға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығымен бекітілген «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен регламенттеледі. Бұл санитариялық қағидалар адам денсаулығына электромагниттік өрістердің жағымсыз әсерін болдырмауға бағытталған.
Радиотехникалық объектілерге 30 кГц-300 ГГц радиожиілік диапазонындағы электромагниттік тербелістерді қоршаған ортаға технологиялық сәулелендіретін радиотехникалық бейіндегі объектілер жатады.
Шеңберлік және секторлық сәулеленудің РЭҚ антенналарын, сондай-ақ спутниктік байланыс станцияларының антенналарын адамдардың болуына арналған ғимараттардың (өндірістік, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар) шатырында мынадай шарттардың біреуі сақталған жағдайда орналастыруға рұқсат етіледі:
1) жоғарғы қабаттың темір-бетон жабынының болуы;
2) металл шатырдың болуы;
3) техникалық қабаттың болуы.
Ғимараттар мен құрылыстардың ішінде тек осыған арнайы арналған ішкі (indoor) (индор) антенналарды орнатуға жол беріледі.
Жалпы білім беру ұйымдарының жер учаскелерінде жобаланатын РТО (РЭҚ) орналастыру шаруашылық аймақта жүзеге асырылады.
Жұмыскерлерді ЭМӨ-нің қолайсыз әсерінен қорғауды қамтамасыз етуді иелігінде РТО (РЭҚ) болатын заңды және жеке тұлғалар ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық және профилактикалық іс-шараларды жүргізу жолымен жүзеге асырады.
Ұйымдастырушылық іс-шаралары:
1) жұмыстың ұтымды режимдерін таңдауды;
2) ЭМӨ-нің әсер ету жағдайларында персоналдың болу ұзақтығын шектеуді;
3) ЭМӨ көздерінен қашықтықта, нормативтік талаптарды сақтауды қамтамасыз ететін жұмыс орындарын ұйымдастыруды көздейді.
Инженерлік-техникалық іс-шаралар қамтиды:
1) ЭМӨ көздерін ұтымды орналастыруды;
2) ұжымдық және жеке қорғаныш құралдарын қолдануды, оның ішінде ЭМӨ көздерін немесе жұмыс орындарын экрандауды көздейді.