
Вакцинация – вакцина арқылы басқарылатын инфекциялармен күресудің ең тиімді шараларының бірі.
Вакциналар жыл сайын миллиондаған адамның өмірін сақтайды. Олардың әрекеті дененің қорғанысын – оның иммундық жүйесін – белгілі бір вирустар мен бактериялардың шабуылын тануға және тойтаруға дайындайды.
Кейіннен, осындай патогенді қоздырғыштармен кездескенде, ағза оларды жою үшін күштерді тез арада жұмылдырады және сол арқылы аурудың алдын алады.
Қазіргі уақытта иммунизациялау жыл сайын дифтерия, сіреспе, көкжөтел, тұмау және қызылша сияқты аурулардан болатын 23 миллионнан астам өлім-жітімнің алдын алады.
Қазіргі уақытта бар вакциналар өмірге қауіпті 20-дан астам аурудың алдын алуды қамтамасыз етеді.