
2026 жылғы 10 ақпанда Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық басқармалардың қатысуымен онлайн форматта кезекті жұмыс кеңесін өткізді.
Департамент маманы вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша талдау жүргізді, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай, эпидемиологиялық тергеу қорытындылары көрсетілді.
Кеңес аясында Павлодар және Екібастұз қалалық басқарма басшыларының орынбасарлары иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері, ағымдағы ахуал бойынша сөз сөйледі.
Қатысушылар вакцинамен басқарылатын инфекциялардың өзекті мәселелерін, профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруды және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыруды талқылады.
Кеңес қорытындысы бойынша қызметтің одан әрі бағыттары айқындалды.