
Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев өңірлік ақпараттық коммуникациялар алаңында журналистерге Павлодар облысындағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдайы туралы айтып берді. Сонымен қатар брифингке Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілі Дина Шакратова қатысты.
Сонымен, Павлодар облысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Облыс аумағында тырысқақ, іш сүзегі, оба, дифтерия, полиомиелит, құтыру, сіреспе, безгек, трихинеллез, эпидемиялық паротит, қызамық аурулары тіркелмеген.
2025-2026 жылдардағы эпидемиологиялық маусымының басынан облыста ЖРВИ ауруының 128016 жағдайы тіркелді. ЖРВИ-мен ауырғандардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар - 65% (82787 жағд.) құрады.
Ағымдағы маусымда «А» типті тұмаудың (АH3N2) 57 жағдайы тіркелді, оның ішінде 32 жағдай 14 жасқа дейінгі балаларға, 3 жасөспірім, 22 ересек адам ауырып қалды.
Облыста адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялауды енгізу науқаны басталғаннан бері 4866 бірінші дозамен егілді. 2025 жылдың сәуір айынан бастап вакцинаның 2 дозасымен АПВ-ға қарсы вакцинация басталды. Барлығы 3615 қыз бала егілді. 2026 жылдың қаңтарында бірінші дозамен – 215, екінші дозамен – 77 қыз балалар егілді.
Жедел ішек инфекцияларының эпидемиологиялық жағдайы тұрақты деп бағаланады. Менингококк инфекциясының 4 жағдайы тіркелді. Ошақтар уақтылы оқшауланды.
Өткен жылы көкжөтелдің 91 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 90, ересектер арасында - 1. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтелдің 6 жағдайы тіркелді.
2025 жылы қызылшаның 150 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар - 132, жасөспірімдер - 2, ересектер – 16. 2026 жылдың өткен кезеңінде облыс бойынша қызылшаның 35 жағдайы тіркелді. Қызылшамен ауырғандардың негізгі тобын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.