
Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депатаментінің басшысы Батырбек Әлиев «ERTIS» облыстық телеарнасының «Бірінші студиясы» бағдарламасында «Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы» атты тақырыпта сөз сөйледі.
Эфирде өңірдегі жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау, қызылша және көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ адам папиллома вирусына қарсы вакцинация туралы айтылды. Спикер сонымен қатар инфекцияның таралу жолдары мен алдын алу шараларын атап өтті.
«Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы» тақырыбындағы толық хабар дүйсенбі күні, ағымдағы жылдың 9 ақпанында сағат 19:00-де шығады.
Жіберіп алмаңыздар!