
Департамент маманы Толғанай Зайтым «Ирбис» телеарнасына берген сұхбат барысында балаларға қызмет көрсететін ұйымдарға қатысты мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібінің негізгі қағидаттарын түсіндірді.
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын және балаларға тамақтану, тұру, білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру және медициналық қызметтер көрсететін ұйымдарға қатысты мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібі күшіне енді.
Сұхбат барысында қандай объектілер мемлекеттік бақылауға жататыны, қандай жағдайларда кенеттен тексерулер жүргізілуі мүмкін екені, сондай-ақ бақылауды бастауға ата-аналардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдардың рөлі жан-жақты түсіндірілді.
Ерекше мемлекеттік бақылау төрт нысанда жүзеге асырылады: жоспарлы тексеру, жоспардан тыс тексеру, тергеп-тексеру, сондай-ақ жаңа формат — объектіге бару арқылы мониторинг жүргізу.
Алдын ала хабарламасыз кенеттен тексерулерді енгізу мемлекеттік бақылаудың жеделдігін арттырып, балалардың құқықтарын, өмірі мен денсаулығын қорғауды күшейтетіні атап өтілді.
Жаңашылдықтың негізгі мақсаты — анықталған құқық бұзушылықтарға жауап қатудан оларды алдын алуға көшу, мемлекеттік бақылау жүйесінің ашықтығын, жауапкершілігін және тиімділігін арттыру, сондай-ақ балалардың құқықтары мен денсаулығын нақты қорғауды қамтамасыз ету.
Жаңа тәсіл құқық бұзушылықтардың алдын алуға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кепілдіктерін күшейтуге бағытталған.
Толық сұхбатты бүгін сағат 19:00 мен 20:00-де «Ирбис» телеарнасынан жаңалықтар бағдарламасынан көріңіздер.
Жіберіп алмаңыз!