
Қызылша – бұл өте жұқпалы жедел вирустық ауру, ол ауа-тамшылары арқылы таралады және ауыр асқынулар мен өлімге әкелуі мүмкін
Кез-келген адам қызылшамен ауыруы мүмкін, бірақ бұл көбінесе балаларда кездеседі. Қызылша тыныс алу жолдарына әсер етеді, содан кейін бүкіл денеге таралады. Симптомдарға жоғары температура, жөтел, мұрынның ағуы және бүкіл денеде бөртпе жатады.
Қызылша тамақ ісіп ауруы, қызылша энцефалиті, менингит, пневмония сияқты асқынулармен қауіпті. Кез келген асқынудан науқас мүгедек болуы немесе өлуі мүмкін. Қызылшаның алдын-алудың және оның берілуінің ең тиімді әдісі – вакцинация.