
Облыстық «HALYK RADIOSY» радиосының эфирінде департаменттің бас маманы Зайтым Толғанай Шығымбайқызы білім беру ұйымдарында енгізілген мектептегі тамақтану стандарты туралы баяндады.
Сұхбат барысында білім алушыларды теңгерімді әрі қауіпсіз тамақтанумен қамтамасыз етуге бағытталған Стандарттың негізгі қағидаттары түсіндірілді. Құжаттың дұрыс тамақтану жөніндегі заманауи халықаралық талаптарды ескере отырып әзірленгені, қант пен тұзды тұтынуды азайтуды, қант қосылған сусындардан бас тартуды, сондай-ақ пайдалы сусындар мен тағамдар түрлерін кеңейтуді көздейтіні атап өтілді.
Сонымен қатар мектептегі тамақтану сапасын бақылау мәселелеріне, медициналық қызметкерлердің рөліне, бракераж комиссияларының қызметіне және тағамдардың қолайлылығы мен дәмдік сапасын бағалауға, азық-түлік ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін «жеуге жарамсыздық индексі» енгізуге ерекше назар аударылды. Стандартты іске асыру балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға және дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыруға бағытталған.